Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында тері өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Қостанай облысында тері өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 14:33 Сурет: pixabay
Арқалық қаласында екі жыл бұрын қайта жан біткен тері өңдеу зауытының жұмысы тағы тоқтап қалды. Осы кәсіпорынға шикізат дайындайтын тері қабылдау орны мен тігін цехы да жабылды.

 Сөйтіп шағын шаһардағы қырық шақты адам жұмыссыз қалды. Ұзақ жыл қаңырап тұрған Арқалықтағы тері илеу зауытын қайта жаңғыртуға 600 миллион теңге инвестиция тартылған еді.

Айына 30 мың шаршы метрге жуық былғары дайындалатын. Дайын өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей, Украина және Өзбекстан елдері болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ішкі нарықтың үлесі 13 пайыз ғана. Зауыт жұмысының тоқтауына сыртқы сұраныстың төмендеуі себеп.

"Жылдың аяғына шейін басқа бір инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатырық келіссөз жұмыстарын. Біздің тараптан да, Үміттің басшысы да бір инвесторлармен келісім-шартқа отырамыз деп ойлаймыз. Қазір келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр." Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: