Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ләйлә Сұлтанқызы кіші ұлының менингитті қалай жеңгенін айтып берді

Оқиға осыдан үш жыл бұрын орын алған екен.

Сурет : Stan.kz8 Маусым 2018, 14:29

13 адамның өмірін қиған менингит дерті қазақстандықтардың үрейін ұшырғаны рас. Бүгінде ел халқы не істеу керектігін білмей қалды. Десе де, күні кеше билік басындағылар менингококк инфекциясының бәсеңдеп келетінін айтқан болатын, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл орайда Ләйлә Сұлтанқызы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында 6 жасар ұлының менингитті қалай жеңгенін әңгімелеп берді. Оқиға осыдан үш жыл бұрын орын алған екен.

“Осыдан үш жыл бұрын менің кіші ұлым 6 жасар кезінде серозды менингитпен ауырған болатын. Дәл сол кезде де бізді екі тәулік бойы уланып қалудан емдеген еді. Тек қана үшінші тәулікте жарыққа қарай алмаған кезінде дабыл қағылды. Сол кезде барып қана нақты осындай түрі деп айтылды.

Ауруды қайдан жұқтырғанын да анықтай алмады. Өйткені ол балабақшаға, бассейнге баратын. Барлық жерді тексерді, ешкім ауырған жоқ, ештеңе табылған жоқ. Сондықтан ол қабынудан, кез келген жерде аяқ асты болуы мүмкін екен. Барлығына дайын болуымыз керек. Ең бастысы, аналар өте мұқият болса деймін. Біз кейде байқамай қаламыз, тұмауға балап кетуіміз мүмкін. Міндетті түрде дәрігерге апарып көрсету керек”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер