"Сексуалды деген...". Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынаушыларға жауап берді
Instagram парақшасында сексуальды адамдардың суретін жариялаған тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы өзін сынаушыларға жауап берді.
Тележүргізуші "сексуальды адамдар" деп желіге салған суретте өнер жұлдыздары бар. Оның бірі Ерке Есмахан болса, тағы бірі - Асылхан Төлепов.
Желі қолданушыларына тележүргізушінің сексуальный деген сөзі ұнамай қалып, оны жерден алып, жерге салған.
"Менің 12 жасар балама #сексуальный деген қандай адамдар десем, әдемі адамдар дегенді білдіреді дейді. Ал мынаны оқып отырып, жазып отырғандарға барып демалып ұйықтасаңыздар болады дегім келеді. 30 дамыған елдің қатарына кіруді жоспарлаймыз тағы. Осы қатындар баласын күлге аунап туды ма екен? Жазып жатқан еркектерге тіпті, сөз жоқ!", - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Айта кетсек, алдында Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін "Өз ойым" бағдарламасында қыздық тақырыбын көтеремін деп басы дауға қалған. Бағдарлама кейіпкері өзіне ақша төлегендіктен, бағдарлама жетекшісінің айтқандарын орындап, рөл ойнағанын мойындаған. Бұл үшін студент қызды, тіпті жоғары оқу орнынан шығару мәселесі де көтерілген.