Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны өсіп келеді

Еліміздегі жұмысқа орналаса алмаған жастардың саны бір жылда 84 мың адамға жеткен.

Сурет : today.kz8 Маусым 2018, 14:47

Finprom.kz аналитикалық порталы Қазақстандағы жұмыссыз жастардың санына шолу жасады. Елдегі жұмысқа орналаса алмаған жастардың саны бір жыл ішінде 84 мың адамға жеткен, деп хабарлайды Today.kz.

Еліміздегі жұмыссыз жүрген жастардың ең көп бөлігі Алматыда. Алмалы қалада 16,2 мың жас азамат жұмыссыз жүр. Бұл елдегі 15 бен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың 19,3 пайызын құрайды.

Көшті Оңтүстік Қазақстан облысы жалғастырады. Бір жыл ішінде жұмыссыз жастардың саны 54,3 пайызға артқан.

Республика бойынша үшінші кезекте Қарағанды облысы тұр. Бұл өңірде биылғы жылы жұмыссыз жастардың саны 7,3 мың адамға жеткен.

Жұмыссыз жастардың аз көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында байқалады. Биыл Астанада жұмыссыз жастардың саны 13,6 пайызға қысқарды.

Ал республикада жастардың жұмыспен ең көп қамтылған өңір ретінде Жамбыл мен Атырау облыстары тіркелді. Бұл облыстарды жастардың 2,6 пайызы жұмыссыз жүр.

Зерттеу нәтижесіне сай республикамыздағы жастардың басым бөлігі бөлшек және көтерме сауда мен автомобиль, мотоцикл жөндеумен айналысады екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер