Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді
Zakon.kz
2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда 18 мың адамға кеміп, 194,9 мың адамды құрады, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 383 ,3 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті», - деп жазылған хабарламада.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте туғандар саны 293,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2% аз.
«2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18 мың адамға немесе 8,5% кеміп, 194,9 мың адамды құрады», - дейді ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Қарастырылып отырған кезеңде 98,4 мың адам қайтыс болған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3% аз.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13% азайды.
«Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 574 немесе 24,1%, тыныс органдары ауруларынан – 151 немесе 6,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 129 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды», - делінген ведомство ақпаратында.
Фото: baq.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript