Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі арта түсуде
Zakon.kz
2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі 30 пайызға артты, - деп хабарлайды Хабар.
Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен мәлім етті. «2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 373,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 30,0 пайызға артты. Оның ішінде экспорт 3 718,0 млн АҚШ доллары (33,9 пайызға өсті), импорт 8 655,7 млн АҚШ доллары (28,4 пайызға өсті) болды», делінген министрлік ақпаратында.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі – 92,0, Қырғызстан Республикасы – 4,4, Беларусь Республикасы – 3,6 пайызға тең.
Фото: khabar.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript