Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Париж ауруханаларында виртуалды табиғат көріністері қолданыла бастады

Бұл науқастың ауырсынуын азайтып, қорқынышын басуға көмектеседі.

Сурет : www.24.kz11 Маусым 2018, 09:06

Париж ауруханаларының бірінде емдеу әдісі ретінде жапон бағы немесе қар басқан тау бейнеленген виртуалды көріністер қолданыла бастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл бір жағынан гипнозға ұқсайды деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ол науқастың ауырсынуын азайтып, қорқынышын басуға көмектеседі. Мысалы, емделуші жарасын таңу немесе шығып кеткен сүйегін салу сияқты әрекетті еш ауырсынбай жасатады.

Ал мұндай тәжірибені алғаш болып, америкалық дәрігерлер қолданған екен.

Оливье Ганансия, Әулие Йозеф ауруханасының қабылдау бөлімі директоры: – Бұл емделушілерге өте пайдалы. Оның науқасқа кері әсері жоқ. Осыдан 10 жыл бұрын кей емдеу орталықтары гипнозды қолдана бастаған еді. Қазір ол кеңінен таралып отыр. Сондықтан жаңа емдеу түрі де біраз уақыт өткен соң күнделікті қолданатын әдіске айналатын шығар деп ойлаймын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер