Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар жаңа туған сәбиінің есімін SMS-хабарлама арқылы қоя алады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 21:22 Zakon.kz
Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі.
Парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципін толықтай электрондық нұсқада жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, адамдардың арнайы келуі қажет болмайтынын атап өтті, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. Атап айтқанда: ХҚКО-ға міндетті түрде адамның өзі баруы; тіркеуде тұрған жерге немесе тұрғылықты жерге қарауы; бір ғана мемлекеттік қызметтің түрін алу үшін, бірнеше мемлекеттік ұйымдарға баруы, тағы сол сияқтылар", - деді Абаев.

Мысал ретінде министр баланың туу туралы куәлігін алу туралы айтып кетті.

«Мысалы, бала туғанда, ата-анасына туу туралы куәлік алу үшін баланың аты-жөнін, жәрдемақылар тағайындау үшін шот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін мекенжайын көрсету ұсынысымен автоматты түрде SMS-хабарламалар келеді», – деді Дәурен Абаев.

Д. Абаевтің айтуынша, өтініш беруші мемкорпорацияға мемлекеттік қызмет нәтижесін алып кетуі үшін ғана келеді немесе үйге жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады.

"Сонымен қатар, мұндай әдісті зейнетақы қоры саласына да енгізу жоспарланып отыр" - деді ол.

Фото: egov.kz.






zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: