Жаңалықтар тізбегі
0

Илья Ильин Елбасыға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2018 20:14 ҚазАқпарат
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - өзімнің рухани әкеме рахмет айтқым келеді - Ильин.

Допинг дауынан кейін екі жыл мерзімге спорттан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спортқа қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Илья Ильинді спорттан шектету мерзімі 2018 жылдың 10 маусымында аяқталған.

«10 маусымды мен өте көп күттім. Мен 24 мамырда отыз жасқа толған едім. Мамыр айында отызға толып, қуанышқа бөленгеніммен кеше күш пен эмоциям қайта көтерілді. Себебі, мен өзімнің сүйікті ісіме қайта оралдым. Осы уақытқа дейін еңсем түсіп жүргенімен, ал кеше өзімді еркін сезінгенімді білдім. Кезекті рет өзіме әлі де ауыр атлетке тоймағанымды дәлелдедім. Маған зілтемір көтерген ұнайды. Мені қолдаған барлық отандастарымды осы қуанышыммен бөліскім келеді», - дейді спортшы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Илья Ильинн сондай-ақ ең алдымен кімге алғыс білдіргісі келетінін айтты.

«Ең алдымен, әлбетте, Халық және Президент. Бірақ, бүгін Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа - өзімнің рухани әкеме рахмет айтқым келеді. Өте күрделі кезеңде - өткен жылы біз ЭКСПО-да кездестік. Ол мені өзіне тартып: «Еш уайымдама. Сен мен үшін чемпионсың. Бәрі ойдағыдай болады. Мен саған сенемін» деп қолдау білдірді. Міне, осы сөзі мені қанаттандырды. Әлбетте, маған қолдау білдірген барлық адамдарға зор алғысымды білдіремін», - деді Илья Ильин.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: