Головкин Тоқаевқа сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Геннадий Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 21:38 Сурет: instagram.com/gggboxing
Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді".Геннадий Головкин

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: