Cирия Президенті гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сирия, жер сілкінісі, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 12:22 Сурет: wikimedia, akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад 2023 жылы ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: