Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 19:56 Ақорда
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады.

– Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: