Жаңалықтар тізбегі
0

Германияның Федералды президенті Тоқаевқа алғыс айтты

Германияның Федералды президенті Тоқаевқа алғыс айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 13:10 Сурет: akorda.kz
Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға арнайы шақырғаны және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқавқа алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол шағын құрамдағы келіссөз табысты өткенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді.


"Біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың жағдайы туралы айтқаныңызды растаймын. Біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың соңғы 30 жылына ғана емес, сонымен қатар сіз айтып өткендей, ынтымақтастығымыздың барлық салада қарқынды дамып келе жатқанына назар аударамыз. Неміс компаниялары Қазақстанға қомақты қаражат құйып келеді және бұл бағыт тек экономикалық саламен шектелмейді. Біздің Президент мырзамен ұстанымымыз ортақ және Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға үлкен құрметпен қараймыз. Сіздің және үкіметіңіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізіп жатқандығы, өлім жазасына мораторий енгізгені, Конституциялық сот құрғаны, Парламентті нығайтқаны Германияда мәлім. Менің ойымша, мұның барлығы бүкіл әлемге белгілі. Сондай-ақ Сіз президент ретінде өз қызметіңізді бастаған кезде әлемге және Қазақстан халқына жариялаған бағытыңызды ұстанып келе жатқаныңыздың дәлелі", – деді Германияның Федералды президенті.

Астанада Қазақстан мен Германия президенттерінің келіссөзі кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айында Германияға баратыны белгілі болды. Қазақстан президенті алдағы қыркүйек айында Германияға сапары туралы оптимистік көзқараспен айтып, неміс әріптесінің Маңғыстауға барғысы келетінін жоғары бағалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: