Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды

Қазiргi таңда Денсаулық сақтау басқармасы қызметтiк тергеу жүргiзiп жатыр.

Сурет : Baq.kz11 Маусым 2018, 14:23

Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды. Әскери қызметкердiң жарты жыл бойы ауырып, түрлi қалаларда емделгенi анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлiметiнше, әскери қызметкер 5 мамыр күнi облыстық ауруханаға ауыр халде түскен.

«Зертханалық зерттеулер нәтижесiнде туберкулез iндетi расталған. Пациент облыстық Туберкулезге қарсы күрес диспансерiне ауыстырылып арнайы ем қабылдаған. Сарбаздың дертi өте ауыр болып, жылдам асқынған. Нәтижесiнде ауру туберкулездi менингитке әкелген. Мәлiметке сай, әскери қызметкер жарты жыл бойы ауырып, түрлi қалаларда емделген», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазiргi таңда Денсаулық сақтау басқармасы қызметтiк тергеу жүргiзiп жатыр. Тергеу барысында туберкулездiң асқынуының нақты себебi анықталады. Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi мен Әскери прокуратураға жолдамалар жөнелтiлдi. Денсаулық сақтау басқармасының дерегiнше, әскери қызметкер менигококк менингитiнен қайтыс болмаған. Бұл зертханалық зерттеулердiң арқасында анықталған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер