Оралда тоққа түскен ойын баласы көз жұмды

Оралда доп ойнап жүріп, тоққа түскен 9 жасар бала ауруханада жан тәсілім етті. Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 2 сәуірде БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 30 сәуірде Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, аулада ойнап жүрген балалардың добы электр қосалқы стансасының сымдарына кептеліп қалған. Балалардың бірі оның соңынан ғимараттың төбесіне дейін жеткен, оны сол жерде электр тоғы соққан.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баланың 95 пайыздық, яғни төртінші дәрежелі күйік алғанын айтқан болатын.
"Жарақаттардың ауырлығына байланысты аяқ-қолдарын кесуге тура келді. Баланың ауруханаға түскен кездегі жағдайы аса ауыр болды. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Медициналық қызметкерлер барлық қажетті жансақтау шараларын жүргізді. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бала 2025 жылғы 1 мамырда сағат 23:25-те көз жұмды. Марқұмның туыстары мен жақындарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз", – деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аймақ полициясы жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен егжей-тегжейлері анықталып жатқанын атап өтті.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды",-деп толықтырды БҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript