Оралда үш баласы бар ана аялдамада түнеп шықты

Полиция аялдамадағы балалар мен ананы тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:33 Сурет: Zakon.kz
БҚО денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады. Полицейлер балалардың анасы ішімдік ішпейтінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Учаскелік полиция қызметкері рейд кезінде Ет комбинатының жанындағы аялдамада балалы ананы байқайды.

Оның барар жері жоқ болып, балалармен автобус аялдамасында түнеген.

Мән-жайды анықтаған соң барлығы полиция бөліміне жеткізілді, кейінірек төрт жасар екі егіз балаларды қолдау орталығына жіберді, ал 11 айлық ұл ауруханаға жатқызылды. Онда ол толық тексеруден өтіп, анасына жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: