Жаңалықтар тізбегі
0

Баланы ғаламтордағы қауіпті ақпараттан қалай қорғаймыз

www.amic.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 17:17 www.amic.ru
Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі - ең маңызды міндет.

Балаңыз қандай ақпарат беттеріне кіріп, онда қаншалықты қауіпсіз мәлімет оқып отырғандығы әрбір ата-ананы алаңдатады. Астана қаласының Ішкі істер департаменті ата-аналарға интернет желісіне кірген кезде балалардың қауіпсіздігін қадағалауға және оларды бақылауға шақырады деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Тыйым салынған сайттар тізімін, ғаламторда өткізілген уақытты және интернетте (соның ішінде чаттар тізімінде) байланысу үшін нұсқаулықты көрсету керек.

2. Балалардың вертуалды достары жайында көбірек сұраңыз, олар немен шұғылданып, қандай жайттарға әуестігін біліңіз. Сонымен қатар, қандай адамдармен хат-хабар алысып, кімге көп хабарлама жіберетіндерін сұраңыз. Және бұл адамдар оның таныстары екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

3. Балалар қандай чаттарға тіркеліп, ақпарат жинайтын сайттарынан хабардар болыңыз. Бүлдіршіндердің жасырын режимінде сөйлесулеріне жол бермеңіз.

4. Ғаламтордағы достарымен жеке кездесуге ешқашан келісім бермеңіз.

5. Балаларға электрондық пошта, сөйлесу бөлмелері, жылдам хабар алмасу жүйелері, тіркеу формалары, дербес профильдер арқылы және интернеттегі конкурстарға тіркелу кезінде ешқашан жеке ақпаратты таратуға болмайтының ұғындырыңыз.

6. Балаларға сіз рұқсат бермегеніңізше бағдарламаларды, музыканы немесе файлдарды жүктетпеңіз. Басқа жағдайда олар авторлық құқықты және сол арқылы заңды бұзуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.

7. Балаңызға ғаламтор арқылы біреу қоқан- лоқы қөрсетіп, дөрекі сөйлеп, мазасын алса бірден айтуға үгіттеңіз.

8. Спамдардан қорғануға көмектесіңіз. Балаларға интернет арқылы электрондық пошта мекен-жайын бермеуге үйретіңіз, қажет емес электрондық пошта хабарларына жауап бергізбеңіз және арнайы пошта сүзгілерін пайдаланыңыз.

9. Балаларыңыз кіретін сайттарды жеке көріп шығыңыз. Олар қорлау мазмұны бар сайттарға кірмейтініне, жеке ақпаратты немесе фотосуреттерін жарияламайтындығына көз жеткізіңіз.

10. Балаларды қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа, өзін-өзі өлтіруге үгіттейтін интернет ресурстарынан қорғаңыз.

11. Интернеттегі заттарды сатып алу немесе сату алдында балалар сізбен кеңесетініне көз жеткізіңіз.

12. Балалармен ғаламтордағы құмар ойындары жайында және одан келетін қауіп туралы сөйлесіңіз. Оларға бұл заңсыз екенін ұғындырыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: