Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында мал жаятын жер тарылып, суармалы жерлер қараусыз жатыр

Алматыдан 40 шақырым жерде жатқан «Жалғамыс» ауылы ертеде «Алматы откорм» деген атаумен қаланы ет және өзге де ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз еткен.

Сурет : vestipmr.info13 Маусым 2018, 09:42

Алматы облысында тұрғындар жайылымдық жердің күннен күнге тарылып бара жатқанын айтып дабыл қақты. Қалаға іргелес орналасқан Талғар ауданында соңғы жылдары 25 мың гектар ауыл шаруашылық жері жеке үйлер салуға берілген. Оның кесірінен мал жайылатын жер азайып, ал суармалы жерлер иесіз қалып отыр деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Осылай деген ауыл халқы жергілікті биліктен мал шаруашылығына қажетті жерлерді жөнсіз саудалауды тоқтатуды талап етіп отыр. Алматыдан 40 шақырым жерде жатқан «Жалғамыс» ауылы ертеде «Алматы откорм» деген атаумен қаланы ет және өзге де ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз еткен.

Елді мекен қарамағында мал жаю мақстаныда 7 мың гектар жер болыпты. Қазір оның «жұрнағы» да қалмаған. Тұрғындар ірі кәсіпкерлер жер телімдерін жалға алса, қалғанын жергілікті атқарушы билік жеке үйлер салу мақсатында пайдаланып жатыр дейді.

Шаяхмет Ақанаев, Жалғамыс ауылының тұрғыны: Мына жер алғашында егін болатын. «Алтын диірмен» алған жер еді. 20 гектар егін еді. Әйтеуір әкіммен қалай келіскенін білмеймін, жекелікке айналдырып алды да бәрін ИЖС-ке бөліп берді. 10 сотоктан елдер алды да, үй салып алды.

Сейітбек Құсайын, Жалғамыс ауылының тұрғыны: Ал енді мына жерде 500 отбасы болды. Олардың үйінде жоқ дегенде бірден сиыры бар. Өзімді айтпағанда, оларды апарып бағатын орын жоқ. Ал мына жаққа шықсақ, айғайлап шығады, жер менікі деп. Бірақ жер сол бойы кең жатыр.

Мұны тұрғындар президенттің Алматы айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру саясатына қайшы әрекет деп отыр. Олардың айтуынша, қолындағы малын өріске айдағанымен, жердің жаңа қожайындары қарыс қадам аттатпайды. Талғар ауданының шенділері халықтың пайдаланбай жатқан жерлеріне мал жаюына ешкім тиым салмайды дейді. Ірі жер пайдаланушылармен осындай келісім бар көрінеді. Ал үй салу заңға қайшы емес деп отыр.

Мақсат Тыныбай, Алматы облысы Талғар ауданы жер бөлімінің басшысы: Қайнар, Жалғамыс ауылдық округі бойынша жайылымдық жерлер жоқ десе де болады, негізінен ол жерлерде суармалы егістік жерлер. Жалғамыс айналасындағы жерлер жекеменшікке беріліп кеткен. Уақытша пайдалану құқығымен. Адамдардың өз өтінішімен нысаналық мақсатын елді мекенге өзгертуге заң бойынша шектеу жоқ. ҚР жер кодекстің 49 бабы бойынша жүгінсе, тексерулер жүргізіліп, талаптарға сәйкес болсса, нысаналық мақсаты өзгереді. Біз Қайнар ауылдық округі бойынша 16 га.

Облыста су мәселесі де өзекті. Мамандар ел аумағында қараусыз қалған 1 млн. гектар жердің 600 мың гектарын халық игілігіне беруге болатынын анықтап отыр. Арнайы ревизия кезінде облыстағы жүз мыңдаған гектар жердің құрғап жатқаны анықталған.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы: Алматы облысында сол 600 мың гектардың 124 мың гектары жатыр. Бұл жердің табиғаты өте қолайлы. Негізгі себептерінің бірі, яғни 95 пайызы су жүйлерінің істен шығуы. Қазір біз соларды қалпына келтіру үшін тиісті жобалау жұмыстарын жүргіздік. Алматы облысында алғашқы жұмыстар басталып кетті.

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Тек Талғар ауданында соңғы он жылда 124 мың гектар ауылшаруашылық жері тұрғын үйлер салуға беріліп кеткен. Осыдан үш жыл бұрын Президент қала айналасында осы үрдісті тоқтатуға пәрмен берген болатын. Бірақ жергілікті шенеуніктер жердің мақсатты пайдалану нысанын өзгертіп, жерді саудалау тоқтаған емес, дейді тұрғындар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер