Алматы облысында жер сілкінді

ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2020 15:30 ТЖД баспасөз қызметі
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде.

"ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық станцияларының желісі 2020 жылғы 17 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 07.52-де айтарлықтай сезілмеген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде, Алматы облысының Сарқанд ауданы, Лепсі қаласының жанында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 9,6.

Магнитудасы MPV 3.8.

Ошағының координаттары: 46,14 ° с.е. 79.19 ° ш.б.

Тереңдігі 5 шақырым.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: