Ақтөбеде емханада науқас терапевтке пышақ жұмсады

Baq.kz Baq.kz
Зардап шегушіге ота жасалды.

Науқас отбасылық емхана дәрігеріне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл жағдай 7 маусымда сағат 12.00 кезінде болған. Науқас жас терапевт дәрігердің қабылдауына кіреді. Ол кенеттен пакет ішінен пышақ алып шығып, «Мен сені өлтірем» деп дауыстаған және 26 жастағы дәрігерге сұғып алған. Дәрігер жарақат алғанына қарамастан науқастың құрығынан қашып кетеді.

Емхана қызметкерлері науқасты қамап қойып, жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкерлерін шақырған. Аталған факті бойынша «өмірге қастандық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегушіге ота жасалды. Облыстық денсаулық сақтау өкілдерінің айтуларынша, жара тереңдей қоймапты. Бұлай болуына не себеп болғанын ішкі істер департаменті қызметкерлері анықтап жатыр.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз