Қытайда ер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтқан оттық алынды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 18:17 Baq.kz
Ота Сычуань провинциясының Чэнду қаласында жасалды.

Қытайда дәрігерлер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтып қойған оттықты шығарды. Операция кезінде түсірілген видеоны UPI порталы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ота Сычуань провинциясының Чэнду қаласында жасалды.

Видео ер адамның ағзасына кіргізілген арнайы камерамен түсірілді. Сол арқылы дәрігерлер оттықтың қай жерде жатқанын іздеді.

Мамандардың айтуынша, камераны екінші рет тыққанда ғана оттықты алып шыққан. Операция 10 минутқа созылған.

Ер адам оттықты екі мыңыншы жылға дейін байқаусызда жұтып қойған. Бұған дейін еш жері ауырып, мазаламаған соң дәрігерге жүгінбеген. Ал, қазір іші ауырады және үлкен дәреті қан араласып шығады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: