Алматы – Чэнду Тяньфу бағытында тікелей рейс ресми түрде ашылды

Алматы – Чэнду Тяньфу бағытында тікелей рейс ресми түрде ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 18:16 Сурет: unsplash
Air China әуекомпаниясы Алматы мен Чэнду Тяньфу (Қытай Халық Республикасы), Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, CA456 рейсі аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Рейс Алматыдан сағат 21:30-да ұшып шығып, Чэндуге келесі күні жергілікті уақыт бойынша 04:30-да жетеді.

Чэнду қаласынан Алматыға ұшу шамамен 3,5 сағатты алады, бұл транзиттік рейстермен салыстырғанда кемінде 7 сағат уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Қайтар рейстің ұзақтығы — шамамен 5 сағат.

Бүгінде Алматы әлемнің 60 қаласымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. 2025 жылы 13 жаңа халықаралық бағыт ашылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: