Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейс кешігіп жатқанын ескертті
Сурет: pixabay
Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан орындалатын кейбір рейстердің кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуекомпанияның хабарлауынша, Airbus A320neo әуе кемелерімен орындалатын рейстер күн райының қолайсыздығына байланысты енгізілген операциялық шектеулер салдарынан уақытынан кеш ұшып жатыр.
Тасымалдаушы жолаушылардан әуежайға жолға шықпас бұрын рейс мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.
"Әуекомпания сайтына кіріп, рейсіңіздің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз", – делінген компания таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript