Алматы облысында былтыр 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Алматы облысында былтыр 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 23:03 Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан ұшатын кейбір рейстердің кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес аясында былтыр 10 тоннадан астам есірткі заңсыз айналымнан алынды.

Полицияның мәліметінше, 12 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысы аумағында есірткіге қатысты 223 құқық бұзушылық анықталған. Оның 122-сі қылмыс болса, 101-і есірткіге байланысты теріс қылық ретінде тіркелді.

Тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігі есірткі заттарын заңсыз айналымға шығарумен байланысты. Атап айтқанда, 71 дерек есірткіні заңсыз сату фактісіне қатысты болса, 20 жағдайда құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру анықталған.

Сондай-ақ есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша 23 дерек тіркелген. Бұдан бөлек, есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша 2 дерек белгілі болды.

Өткізу мақсатында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу және өндіру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы негізінде 5 іс тіркелсе, прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты 301-бап бойынша 1 дерек анықталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 119 қылмыстық іс сотқа жолданған, олардың 55-і ауыр, ал 18-і аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 10 тонна 756 келі 586 грамм есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 195 келі 503 грамм синтетикалық есірткі, 514 келі 197 грамм марихуана, 249 грамм героин, 57 келі 91 грамм гашиш және 9 тонна 989 келі 546 грамм қарасора бар, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Сонымен қатар синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқан екі жасырын зертхана анықталған. Интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі сатуды және насихаттауды көздейтін 1 567 веб-сайт анықталып, бұғатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: