Қазақстан азаматтары Алматыдан Самарқанға тікелей рейспен ұша алады

Қазақстан азаматтары Алматыдан Самарқанға тікелей рейспен ұша алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 10:26 Сурет: Zakon.kz
18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқан арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшу аптасына екі рет FlyArystan компаниясының (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті ұшақтары арқылы жүзеге асады.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қаңтар айының соңында қазақстандықтар БАӘ-ге жиі ұша алатыны белгілі болды. 22 қаңтардан бастап Wizz Air Abu Dhabi лоукостер әуекомпаниясы Абу-Даби мен Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 3-тен 4 рейске дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) арттырды. Ұшулар Airbus A320/A321 типті ұшақтары арқылы жүзеге асады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: