Жаңалықтар тізбегі
0

Қай өңірде маскүнемдер көп

 inform.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 18:15  inform.kz 
Еліміздің аумағында жасалатын барлық қылмыстың 14 пайызына ішімдік себепкер.

Еліміз аумағында жасалатын барлық қылмыстың 14 пайызына ішімдік себепкер. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстың орын алуының басты себептерінің бірі - маскүнемдік, есірткіге әуестік, отбасылық-тұрмыстық қолайсыз ахуал, тұрақты табыстың болмауы. Қазіргі уақытта учаскелік инспекторлардың алдын алу бақылауында 67 мыңнан астам маскүнем, 10 мың қолайсыз отбасы бар. Оларда 15 мыңнан астам бала тұрады. Қолайсыз отбасылардағы жиі жанжалдардың салдарынан кісі өлтіру және тұрмыстық ауыр қылмыстар арта түседі. Жыл бойы елімізде күн сайын маскүнемдіктің, әсіресе, отбасыдағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан 2-3 ауыр қылмыс тіркеледі», - деді министр.

Оның айтуынша, еліміздің аумағында жасалатын барлық қылмыстың 14 пайызына ішімдік себепкер.

Маскүнемдік салдарынан жасалатын қылмыстар бірқатар өңірде жоғары болып отыр. Атап айтқанда, маскүнемдік салдарынан жасалатын қылмыстар Ақтөбе облысында - 28, Қостанай болысында - 25,5, Павлодар облысында - 22, Маңғыстау облысында - 20 және Ақтөбе облысында 19,5 пайызды құрайды.

«Біз бақылауды күшейтіп, учаскелік инвесторларымыздың жұмысын жетілдіріп жатқанымыз сөзсіз. Макүнемдікпен күресте әкімдіктермен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың жұмыстарын жандандыру бойынша шаралар қабылдаймыз», - деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу жүйесінің тиімсіздігі күрделі проблеманың біріне айналып отыр. Себебі, біріншіден елімізде небәрі 22 наркологиялық ұйымда 2470 маскүнемді емдеуге ғана орын бар.

«Өткен жылы мәжбүрлеп емдеуге 5200 маскүнем жіберілді. Алайда олардың 700-ден астамы орынның жетіспеушілігінен емдеуден өткен жоқ. Екіншіден, маскүнемдерді аталған мекемелерге жіберу процедурасының өзінде де формалды кедергілер жетіп артылады. Бұл проблеманы әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп шешу қажет», - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: