Жаңалықтар тізбегі
0

Ақышев: Теңгенің әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер етті

astanatimes.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 20:55 astanatimes.com
Мамыр айында теңге бағамына ішкі факторлар әсер еткен, ал маусым айында сыртқы факторлар әсер ете бастады.

ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының отырысында өткен аптада валюта нарығындағы ахуалға және ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мен айырбас бағамына қатысты екі жыл бойы пікір білдіріп келемін. Еске сала кеткім келеді, 2015 жылы тамыз айында Қазақстанда ақшалай-несие саясатының жүйесі өзгерген. Бізде инфляциялық таргеттеу жүйесі мен теңгенің еркін айырбас бағамы бар. Теңге бағамы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасады. Соңғы кездері әртүрлі факторлар болғаны анық. Бұл туралы көптеген аналитиктер жазып жатыр деп ойлаймын. Солармен таныссаңыздар болады. Нарықтың жағдайы туралы айтар болсам, ішкі фаторлар негізінде мамыр айында болды, үлкен салық аптасы орын алды, ұлттық валютаға сұраныс көбейді. Барлығы доллар сатумен айналысты", - деді ол.

Сыртқы факторлар маусымда әсер ете бастаған.

"Маусымда сыртқы нарықта жағымсыз жәйттар орын алды. Дамып келе жатқан нарықтардан ақша ағып кетіп жатқанын көрдіңіздер, Ресей нарығында ресей рублінің әлсірегенін байқаймыз. Сонымен қатар, федералды резервтік жүйе өз үлестерін көтерді, бұл, тиісінше, долларлық активтердің тартымдылығын арттырады. Сондықтан, біз шағын экономикамызға қарамастан, ашық экономика, әлемдік қаржы нарықтарының бір бөлігіміз. Әрине, сол себепті де теңгеге әсер етіп жатыр. Бұл Қазақстанда өзгермелі айырбас бағамы механизмінің бар екендігін көрсететін көрсеткіш қана", - деп атап өтті Ақышев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні валюта бағамы "өзгерген жоқ".

«Менің білуімше, бүгінгі күні бағам өзгермеген десек болады. Себебі нарық қатысушыларының сыртқы факторларға қатысты жағымсыз үміттері, алдын-ала ойластырылған тәрізді. Мүмкін қатысушылар кейбір позицияларды жабу үшін алдын ала сақтық шараларын пайдаланған болар. Бірақ қазір барлық болжамдар біз күткендей жүзеге асқаннан кейін, ешқандай тосынсыйлар болмаған соң, меніңше, жағдай тұрақты болады деп ойлаймын", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк Төрағасы, бағамның қаржылық бақылаушысыз құрылатындығын еске салды.

"Дәл қазір бағамның серпіні қандай болатынын айта алмаймын. Тағы да ескере кетемін, ол нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарға байланысты қалыптасады. Мамыр айында біз валюталық нарыққа қатысқан жоқпыз. Валюталық нарыққа қатыспай жүргенімізге бірнеше ай болды. Теңге бағамы Ұлттық Банктің қатысуынсыз қалыптасады", - деп түйіндеді Д.Ақышев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: