Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті – Ұлттық банк өкілі жауап берді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер еткен негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлия Молдабекованың айтуынша, маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді. Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар, ішкі факторлар да себепші болды.
Бірінші кезекте, мен бұрын айтып өткендей, АҚШ доллары позициясының жаһандық күшейгенін атап өткен жөн. Ішкі факторлардың арасында – дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеу үшін сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі.ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова
Ұлттық банк өкілінің сөзінше, квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 млн АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату ұсыныс жағынан валюта нарығына қолдау көрсетті.
Маусым ішінде Ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбеді, нарық сентименті мен құбылмалылығы нарықтық жағдайға сәйкес келді. Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді.Әлия Молдабекова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript