Танзанияда жол апатынан 12 сарбаз қаза тауып, 50-і зардап шекті

www.inform.kz www.inform.kz
Әскерилер оқу-жаттығу лагеріне бара жатқан.

Танзанияның Мбея облысында Ұлттық қызметтің сарбаздары мінген автобус жол апатына ұшырады. Салдарынан 13 адам мерт болып, 50-і түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «МИР 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шегушілер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың арасында 12 әскери қызметші мен автобус жүргізушісі бар.

Көлік құралының салонында барлығы 63 адам болған. Апатқа ұшыраған автобус сарбаздарды тасымалдау үшін жалға алынған үш автобустың бірі екендігі белгілі болды.

Әскерилер оқу-жаттығу лагеріне бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, оқиға жылдамдық режімінің дұрыс сақталмауы мен жүргізушінің абайсыздығынан болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз