Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда жол апатынан өзбекстандық алты азамат қаза тапты

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 15:21 Baq.kz
Жол-көлік оқиғасынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.

1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолының Сай-Өтес ауылына жақын жерде «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысты. Соның салдарынан қаза болған 7 адамның алтауы Өзбекстан азаматтары болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың алтауы сол елдің азаматтары екен.

«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы – Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Қаза болғандардың тұлғасы анықталуда», - делінген Елшілік ақпаратында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: