Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болады.

Сурет : BNews.kz18 Маусым 2018, 09:14

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер