Бүгін Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында найзағай жарқылдайды.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.