Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да білім басқармасының ұсынысы қатаң сыңға ұшырады

Бүгінгі таңда облыста ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған алты психологиялық-педагогикалық әдістемелік консультация кеңсесі жұмыс істеп тұр.

Сурет : altaynews.kz19 Маусым 2018, 12:49

Инклюзивтік білім беру мәселесі талқыланған аппараттық кеңесте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанованың ұсынысы аймақ басшысы тарапынан қатаң сынға ұшырады деп хабарлайды altaynews.kz.

Бүгінгі таңда облыста ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған алты психологиялық-педагогикалық әдістемелік консультация кеңсесі жұмыс істеп тұр. Бұл – тым аз. Өкінішке қарай, аталған кабинеттерге бару үшін балалар мен олардың ата-аналары ұзақ жол жүреді.

«Осыған орай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер алу қажет» деп алға тартты шенеунік.

-Біз облыстың барлық мектептерін көлікпен толық қамтып шықтық. Мәлесені түбегейлі шештік! Сол берілген көліктер неге осы іске тартылмайды?! Енді кеп тағы 30 миллион теңге сұрап тұрсыз. Қаржыны тиімдіжұмсауды қашан үйренесіздер?! Автокөліктер берілген жағдайда олардың қалай қолданылатынын біліп отырмын – машина айына бір рет шалғайдағы ауылдарға қатынайды да, қалған 29 күнде онымен басшылар жүреді. Солай емес пе?! Барлық кабинеттерді жергілікті әкімдіктердің қарамағына беру керек. Олар бұл міндетті Өскемендегі кеңседе отырған сіздерден анағұрлым тиімді атқаратын болады. Оған мен кәміл сенемін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер