Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да Даниал Ахметов дауыс берді

ШҚО әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 21:17 ШҚО әкімдігі
Қазір облыста 1 039 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Бұл сайлау учаскесінің жұмысы таңғы сегізден басталған. Онда барлығы 2 426 сайлаушы тіркеліпті. Олардың 600-ге жуығы түскі сағат 12:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерген, деп хабарлайды zakon.kz.

– Сайлауға келушілер қарасы көп екен. Бұл өте қуанышты жайт. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды аңғартса керек. Сондай-ақ бүгін сайлау учаскесіне келушілердің арасында әйелдер көп екенін байқадым. Бұл қыз-келіншектеріміз ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр, – деді дауыс беріп шыққан аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бұл күні сайлау учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалыпты. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ғимарат ішінде әсем әуен әуелеп тұрды. Ал бірінші рет дауыс бергендерге естелік сыйлықтар мен тәтті-дәмділер тарту етілді.

№9 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Назарбаеваның айтуынша, мұнда дауыс берушілер таңғы сағат алтыдан ағыла бастаған.

– Халықтың белсенділігі жаман емес. Тіптен, 10 шақты адам ерте келіп, сайлау учаскесінің ашылуын күтіп отырды. Дауыс беруге келгендер арасында жастар да көп. Олардың бірталайы сайлауға алғаш рет қатысуда. Сол себепті, біз ондай дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар әзірлеп қойдық. Жалпы, халықтың көңіл-күйі тамаша, саяси науқан мерекелік рәуіште өтіп жатыр, – деді Бақыт Назарбаева.

Еске салайық, қазір облыста 1 039 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда тұрғындардың еш қиындықсыз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

Барлық сайлау учаскесі медициналық маскалармен және өзге де қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілер арасында 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуда. Учаскелердің кіреберісінде келушілердің дене қызуы термометрдің көмегімен өлшенеді. Бұған қоса, бөлмелер әр 3-4 сағат сайын дезинфекцияланады.

Сонымен қатар сайлау учаскелерінде оқшаулағыштар да бар. Егер сайлаушыда коронавирус инфекциясының белгілері анықталса немесе дене қызуы 37 градустан жоғары болса, онда ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жеке бөлмеде оқшауланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: