Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсе ме

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2018 23:02 inform.kz
Өңірлерде шаршы метрдің бағасы 140 000 теңгеден аспауы тиіс.

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев журналистердің «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзектендіруге қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Брифингте журналистер вице-министрге «7–20–25» бағдарламасын іске асыруға байланысты тұрғын үй бағасының өсуі ықтимал ма деген сауал қойды. Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй нарығындағы баға өспейтініне сендірді.

«Біз Үкімет тарапынан көптеген тұрғын үй құрылысы жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында біз шектеу қойдық: өңірлерде шаршы метрдің бағасы 140 000 теңгеден, Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында – 180 000 теңгеден аспауы керек. Сондықтан, менің ойымша, аса елеулі өзгерістер болмайды. Бағалар бұрынғысынша сақталады», — деп түсіндіріп өтті вице-министр.

Бұдан кейін Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысының сапасын жақсарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс бақылау жүйесін жетілдіру және барлық құрылыс саласын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазір біз үйлерді салу сапасын бақылау жүйесін айтарлықтай күшейтіп жатырмыз. Кеңес кезінен бастап мемлекеттік комиссиялар үйлерді қабылдап келді. Бірнеше жыл бұрын біз өзгерістер енгіздік. Бұл учаскені тікелей салатын нарық қатысушылары бар: құрылыс салушы, мердігер, авторлық және техникалық қадағалау», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұдан былай әр құрылыс қатысушысына қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатын болады.

Бұдан өзге, құрылыстың ашықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында барлық қағаз журналдары электрондық форматқа көшіріледі.

«Бүгінгі таңда бізде құрылыс кезінде қолданылатын бес журнал бар. Енді оларды арнайы ашылған электрондық порталда көруге тиіспіз. Нарықтың барлық қатысушылары ЭЦҚ алуы керек. Мемлекеттік органдар жалпы ел бойынша құрылыс жұмыстарының барысын көріп отырады. Олар хабарландырулар жібере алатын болады. Егер бұл жеткіліксіз болса, тексерулер жүргізілетін болады», — деді Қ. Өскенбаев. Аталған жүйе биыл енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: