Тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгеріп жатыр
Ағымдағы жылдың наурызында тұрғын үй нарығындағы баға біршама өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары - 1, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,6 пайызға өсті, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,1 пайызға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2 пайызға жоғары болды.
Наурызда жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 263 098, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату барысындағы 1 шаршы метр 185 836, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сатушаршы метрі 115 007 теңгені құрады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 338 теңге болды.