Президент Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді

akorda.kz akorda.kz
Республикалық маңызы бар мәртебесі берілген соң, Шымкент одан әрі өркендей түседі - Назарбаев.

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана және Алматымен қатар Шымкенттің тұрғындар саны 1 миллион адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар", - деді Елбасы.

Президент сондай-ақ, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң, қала одан әрі өркендеп, табысты дами түседі.

«Бұл қадам қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және бүкіл өңір тұрғындарының өмір сапасын дәйекті жақсартуға серпін береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз