Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Түлектердің 75 проценті ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады.

Сурет : zakon.kz20 Маусым 2018, 10:03

Қазақстанда он бесінші жыл қатарынан Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Биыл 102 447 оқушы сынақ тапсыруға өтініш берген.

Түлектердің 75 проценті ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады.

"Биыл 102 447 мың түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Оның ішінде 77 223 оқушы қазақ тілінде, яғни 75,4%-і, 25 178 түлек – орыс тілінде, 24,6%, 46-сы ағылшын тілінде тапсырады", — деді ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов.

ҰБТ 167 пункте өтеді, оның 48-і жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі – колледжде, 116-сы орта мектептерде орналасқан. ҰБТ өткізу кезінде 1206 аудитория жұмылдырылады. Барлық аудитория 100 процент дайын. Бейнекамералармен, ұялы телефон байланысын басатын құрылғылармен, металл детекторлармен жабдықталған.

ҰБТ форматы еш өзгерген жоқ, бес пәннен тұрады. Үшеуі – міндетті, екеуі таңдау пәні. Барлығы 120 сұрақ, түлектер үшін 140 балл жинау мүмкіндігі сақталады.

ҰБТ 3 сағат 50 минутқа созылады.

Аппеляция беру тәртібі өзгермейді

ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын бақылау үшін өңірлерге білім және ғылым министрлігінің 1815 өкілі жіберілді. Сондай-ақ жергілікті жерлерде мемллекетік комиссиялар құрылуда, олардың саны – 1002 адам. Республикалық аппеляциялық комиссияның құрамына 55 адам кіреді. Жергілікті аппеляциялық комиссияның құрамы өткен жылмен салыстырғанда 1500 адамға ұлғайып, 5010 адамды құрап отыр.

"Жергілікті жерлердегі комиссиялар қандай да бір жағдай туындаса, оның жылдам шешілуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз", — деді Әлімқұлов.

Апелляция беру тәртібі де өзгермейді. Яғни, келесі күні сағат 13.00 дейін әр түлек аппеляция беруге құқылы. Жергілікті аппеляциялық комиссия мақұлдаған жағдайда, материалдар республикалық комиссияға жолданады.

Алғаш рет Call-орталық жұмыс істейді

Биыл алғаш рет Call-орталық іске қосылды. Нөмірі 8-800-080-71-77.

Жылдам ақпарат алмасып, туындаған проблемаларды шешуге көмектеседі.

"Жергілікті атқарушы органдар шалғай елді мекендерде тұратын түлектерді ҰБТ пунктеріне жеткізуге, тамақ, үй-жаймен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ҰБТ барысын бақылағысы келетін ата-аналарға да жағдайы жасауы тиіс", — деді Әлімқұлов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер