Қазақстанда наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Қазақстанда университеттің ақылы бөліміне түсу үшін наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол бірінші рет электронды форматта өткізіліп отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес, бүгін - 10 наурызда еліміздің 12 аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда, Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады.
Наурыздағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.
Тестілеудің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды.
Бұған дейін көктемгі тестілеу 10 күн ішінде өткізілетін, бұл жолы оған қатысушыларға бір ай уақыт беріледі. Әркім ҰБТ тапсыруға ыңғайлы уақыт пен орынды таңдай алады.
Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үшеуі міндетті, екеуі арнайы. Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар ең көп дегенде 140 балл жинай алады.
ҰБТ тапсыру үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.