Жаңалықтар тізбегі
0

Египет құрамасының бас бапкері қызметінен босатылады

vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2018 17:38 vesti.kz
Мысыр құрамасы әлем біріншілігің топтық кезеңінде екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды.

Футболдан Мысыр құрамасының бас бапкері Эктор Купер Ресей құрамасымен өткен ойыннан кейін оның жұмысына көңілі толмайтындар болса қызметінен кетууге әзір екенін айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

"Ең әуелі мен бұл қызметте қаламын ба, жоқ деген мәселе болып тұр. Мұны тек мен ғана шешпеймін. Бұл мәселеге жауап беретін адамдар да бар. Егер менің жұмысыма көңілі толмайтын адамдар болса, қызметімнен өз еркіммен кетемін. Бірақ бізде әлі бір кездесу бар. Дегенмен плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі өте төмен. Қорғаныс туралы айтатын болсам, біз 10-12 минутта көп қате жібердік. Бірінші таймда біз қарсыластың барлық пастарын басқардық. Жақсы қорғандық", - деді Купер баспасөз жиыны кезінде.

Еске салайық, Мысыр құрамасы әлем біріншілігің топтық кезеңінде екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Бірінші Уругвай құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, кеше Ресей құрамасынан 1:3 есебімен ұтылды. Үшінші кездесуін Купер шәкірттері 25 маусым күні Волгоград қаласында Сауд Арабиясы құрамасына қарсы өткізеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: