Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында тағы бір мәрте жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында тағы бір мәрте жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 10:08 Валерий Орехов, сурет: Instagram/kazakhstanhockey
15 мамырға қараған түні Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатында Даниямен кездесу өткізіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалғыз шайбаны Никита Михайлис салды. Бұл оның турнирдегі үшінші голы.

Төртінші турдағы кездесуі 1:5 есебімен аяқталды.

"Хоккей өлді бізде. Тактика мүлде жоқ. Құрамды қайта жасақтау керек. Бізге намысты қолдан бермейтін, ойнайтын адамдар керек. Ал, бұлар жәй ғана алаңда сенделіп жүр",- деп жазды желі қолданушылары Федерацияның Instagram парақшасындағы жазба астына.

Алда Қазақстан құрамасының екі күндік демалысы бар. Келесі матчты команда 17 мамырда Чехия құрамасымен өткізеді.

Бұған дейін ауыратлет Артем Антроповтың Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: