Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 19:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама бұл жолы Венгрия командасынан жеңілді. Ойын басталысымен-ақ, 15-секундта қарсылас команда есеп ашты. Ал, бірінші кезеңнің соңында басымдығын екі есеге арттырды.

Дегенмен, екінші кезеңнің 34-минутында қазақстандық Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында венгриялықтар тағы бір жылдам гол соғып, араға үш минут салып, кең құрамдағы сәтті тиімді пайдаланды. Ойын соңына қарай бапкерлер алтыншы ойыншыны шығарғаннан кейін, Валерий Орехов есепті қысқартты.

Қазақстан – Венгрия 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)

0:1 – 00:15 – Хари (Нильсен, Хорват)

0:2 – 18:31 – Тербокс (Хорват, Сонгот)

1:2 – 34:32 – Михайлис (Орехов) артық құрамдағы гол

1:3 – 40:14 – Галло (Хари, Эрдели)

1:4 – 43:35 – Винце (Папп, Хари) артық құрамдағы гол

2:4 – 59:01 – Орехов (Шестаков)

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында үш кездесу өткізді. Алғашқы ойында Норвегияны жеңсе, кейін Германия құрамасынан жеңілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: