Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақмола облысында нан алу үшін дүкенге кеткен қыз екі айдан бері табылмай жатыр

Тәжірибе көрсеткендей бір сәтке ата-ананың назарынан тыс қалған баланы бейтаныс жанның жетектеп кетуі қиындық туғызбайды.

Сурет : stan.kz20 Маусым 2018, 12:01

Жыл басынан бері елімізде 696 адам жоғалып кеткен. Оның 47-сінен әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Тең жартысы балалар. Соның бірі, сәуір айында үйінен нан алып келуге дүкенге шығып, қайта оралмаған Назима Вохоббоева. Арада 2 айдан астам уақыт өтсе де бойжеткенді көрдім білдім деген ешкім жоқ. Ата-анасы бауыр еті баласын іздеп шырылдап жүр. Шағын ғана Жібек Жолы ауылымен қоса Ақмола облысының тәртіп сақшылары қызды шарқ ұрып іздегенімен еш нәтиже жоқ екен. Бұл туралы stan.kz Еуразия бірінші арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Статистиканы сөйлетсек, елімізде орта есеппен жылына 1,5 мыңдай бала із түссіз жоғалады. Оның жартысынан көбі табылмайды екен. Жауапты мамандар бала ұрлығының алдын-алу мақсатында түрлі шараларды қолға алған. Ата-аналарға да үнемі ескерту жасалады. Бірақ одан нәтиже шамалы. Бүлдіршіндер бөтен адамдарға сенгіш келеді екен.

Тәжірибе көрсеткендей бір сәтке ата-ананың назарынан тыс қалған баланы бейтаныс жанның жетектеп кетуі қиындық туғызбайды. Дәл осындай, жоғалған бүлдіршіндерді іздестіру барысында құзырлы орган өкілдері қандай қиындыққа тап болады?

«Олар толығымен бейнелеп бере алмайды. Себебі, жастары кішкентай. Бірақ, жобамен егер, сақалы жоқ болса, сақалы жоқ екенін, не болмаса бетінде қандай да бір тыртығы бар екенін, киген киімдерін айтып бере алады» – дейді қалалық ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Жазира Жолдасбайқызы.

Ал 18 сәуір күні Жібек Жолы ауылында дүкенге шығып кетіп қайта оралмаған Назимадан әлі күнге дейін хабар жоқ. Екі айға жуық уақыт өтсе де, оны көрдім, білдім деген адам болмады. Ол туралы қандай да бір ақпар берген адамға, туыстары 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге де дайын.

«Енді көрген білгендер болса олардан көмек сұраймыз. Өйткені бұл жағдай әркімнің басына түсіп қалуы мүмкін. Әркімнің қызы бар, ұлы бар өсіріп отырған. Көрген-білгендер болса, олар да ата-анамызды түсініп, көргендер болса айтсын» – дейді Назима Вохоббоеваның әпкесі Камила Мадаминова.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде соңғы 3 жылда 1 726 бала жоғалыпты. Оның 100-і әлі күнге дейін табылмаған. Дені ата-аналармен сөзге келіп, өз еркімен үйден кетіп қалғандар. Мәселен, күні кеше Қызылорда өңірінде 16 жастағы бала жоғалған. Бірақ, көп ұзамай ұл үйіне өзі қайта оралыпты. Мұндай жағдайда арнайы мамандар мәселені баланың өтпелі кезеңіне жабудың қажеті жоқ деген пікірде.

«Себебі өтпелі кезеңнің талап ететін нәрселері бар. Бірақ, тап сол мәселеден бала үйден кетпейді. Баланың үйден кететіні бұл отбасыдағы кикілжіңге байланысты. Көбіне бірнеше факторды қарастыруға болады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара кикілжің» – дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Бұл әрине жоғалған балалардың барлығы отбасылық қиындықтарға байланысты кетіп қалды деген сөз емес. Арасында әке-шешесімен ренжісіп үйден қашып кететін жағдайлар тіркеліп жатады. Сондықтан психологтар жағдайдың алдын-алу үшін перзентіңізге көп көңіл бөліп, ақыл айтып отыруға кеңес береді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер