Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменге ұзындығы 15 метрден асатын мазут көлшік қайдан келген?

Мазут көлшігіне балалар да түсіп кетуі мүмкін

Сурет : altaynews.kz21 Маусым 2018, 11:03

Өскеменнің құрылыс материалдары ауданында мазут көлшігі табылды. Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандарына аталмыш ақпаратты қала тұрғыны Оксана Илюшкина жеткізген,-деп хабарлайды altaynews.kz тілшісі.

Итін сейілге алып шыққан әйел иттің қыңсылаған даусын естиді. Дауыс шыққан жерге беттеген ол ені 5 метр, ұзындығы 15 метрден асатын көлшіктің ортасында белуардан батып қалған итті көреді.

Ол мазут болып шыққан. Жануарды әупіріммен шығарған Оксана Илюшкина итке жабысқан мазутты өздігінен кетіре алмаған соң ветеринарлық емханаға өткізіпті.

«Дәрігерлер итті екі күн бойы жуды. Оның денесін мазуттан арылту үшін екі құты сабын, 5 литр күнбағыс майы кетті» — дейді Оксан Илюшкина.

Мазут көлшігіне балалар да түсіп кетуі мүмкін екенін ойлаған Оксана Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандарына хабар беріпті. Экологтар көлшіктен сынамалар алып, зерттеуде. Аталмыш келеңсіздік туралы тиісті орындарға жазбаша хабар жіберілген.

«Көлшіктің маңайында автомобиль жолы жоқ. Сондықтан оны көлікпен әкеп төгуі екіталай. Ал сәл биікте теміржол өтіп жатыр. Мазут сол пойыз вагондарынан төгілген болуы мүмкін. Көлшіктің ұзындығы 15 метрден асады. Ортасы өте қою. Маңайда жер үйлер көп. Оқыстан бала түссе, қайғылы оқиға тіркелуі мүмкін. Әзірге тереңдігін анықтау мүмкін болмай тұр» — дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филипов.

Оның айтуынша, Өскеменнің аумағынан осымен үшінші рет техногендік көлшік табылып отыр. Алғашқы екі көлшік Защита ауданы мен «Турист» қонақүйінің артынан табылған.

«Защита ауданындағы көлшікпен тиісті орган өкілдері айналысып жатыр. Ал «Турист» қонайқүйінің артындағы көлшіктің қоршаған ортаға зиянсыз екені анықталды» — дейді орталық өкілі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер