Екі жасөспірім Ертіс өзеніне түсіп кете жаздады

өзенге балалар ағып кете жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 16:48 Сурет: pixabay
Балалар мұз астына түсіп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz берген мәліметке сай, Павлодарлық құтқарушыларға өзендегі мұздың үстінде екі жасөспірім жүргені туралы 20 ақпанда сағат 16:15-те хабарлама түскен.

Күннің жылынуына байланысты Ертіс жағалауы акваториясы бойынша жоспарлы аралау жүргізілді. Балалар инвесторлар үйінің маңында көзге түсті. Екі жасөспірім Заячий аралына мұз үстімен өткен, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

16 жастағы жасөспірімдер құтқару станциясына жеткізіліп, оларға бұл әрекеттері қауіпті екені ескертілді. Бұдан кейін жасөспірімдер полицияға тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: