Үндістанда үшінші әйел алмақ болған жігіт өзінің екі әйелінен таяқ жеді

woman.forumdaily.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2019 22:12 woman.forumdaily.com
Әлгі еркек енді сотталып кетуі мүмкін.

Үндістанда онсыз да екі әйелі бар еркек үйіне үшінші әйелді әкелмек болған. Бірақ бұл жаңалықты естіген екі әйелі еркекті оңдырмай сабап тастады, деп хабарлайды Сa-news Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Бұл жағдай Тамил-Наду штатында болған.

Динеш есімді жігіт алғаш рет 2016 жылы үйленген. Үш жыл уақыт өтпей жатып өз әйелінен әбден жалыққан ол басқа әйелмен жасырын түрде некеге отырыпты.

Басылым атап өткендей, көп ұзамай екі әйел де өздерінің Динештің жалғыз әйелі емес екенін біліп қойған. Ол аздай, Динештің енді тағы бір рет үйленгелі жүргенін де біліпті. Сол кезде екі әйел өзара келісіп, туыстарын ертіп Динешті жазалау үшін оның жұмысына келген.

Динеш оңбай таяқ жеп тынды. Ол аздай, полиция келіп, оны қамауға алған. Үндістанда екі әйел алуға ресми түрде заңмен тыйым салынған, ол үшін түрмеге қамау жазасы көзделген.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: