Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда мұз жарылып, Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Құтқарылған жасөспірімдер, Атырау, Жайық өзені, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 20:51 Сурет: polisia.kz
7 наурызда мұз жарылып, Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірімді қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері бірден байқап, дереу көмекке ұмтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жеткізіп, оны өздерінің беліне байлап балалардың суға батып кетуіне жол бермеген.

"Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел-жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсетті", делінген полиция хабарламасында.

Оқыс жағдайға тап болған жасөсіпірімдер жасты, яғни 2007 жылғылар екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: