Жаңалықтар тізбегі
0

Ақышев елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту туралы айтып берді

shtab.mos.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2018 19:01 shtab.mos.ru
Елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейтуге мемлекеттік кіріс органымен белсенді ақпараттық және өзге де өзара іс-қимыл ықпал етеді. елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту О противодействии выводу денег из страны рассказал Акишев

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасын қабылдаудың негізгі міндеті валюталық операциялар мониторингін кеңейту және Қазақстан аумағындағы есеп айырысуларда шетел валютасын қысқарту болып табылады. Заң жобасын қабылдау қарапайым азаматтарға әсер етпейді, себебі валюталық реттеудің ырықтандырылған қағидаттары сақталған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол заң жобасы шеңберінде негізгі түзетулерді атап өтті.

«Бірінші – бұл шетелдік ұйымдардың филиалдарын резиденттер ретінде тану. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдік ұйымдардың филиалдары бейрезиденттер ретінде Қазақстанда валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқылы. Олардың Қазақстан тұлғаларымен есеп айырысуын теңгеге ауыстыру ұсынылады», - деді Д. Ақышев.

Ол осы түзетулердің жергілікті компаниялар мен шетелдік ұйымдардың филиалдары үшін бизнес жүргізудің тең талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Келесі – бұл валюталық операциялар туралы ақпарат жинау рәсімдерін жеңілдете отырып бейрезиденттермен валюталық операцияларды қамтуды кеңейту», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы. Ол тіркеу мен хабарлаудың күрделі режимі жойылатынын атап өтті. Олардың орнына валюталық шарттарды бірыңғай есептік тіркеу енгізіледі.

Заң жобасында ақшаны елден әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізу арқылы елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейту көзделеді. Ол мұндай белгілерге ақшаның Қазақстандағы шотқа түсуін көздемейтін қаржылай қарыздар, сондай-ақ пайызсыз қарыздар, 720 күннен астам мерзімге берілетін коммерциялық кредиттер жататынын түсіндірді.

Д. Ақышевтың айтуынша, елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимылды күшейтуге мемлекеттік кіріс органымен белсенді ақпараттық және өзге де өзара іс-қимыл ықпал етеді. «Ақпаратпен тиімді алмасу түрлі мемлекеттік органдарға бір мәміле бойынша жалған мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ол.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасының шеңберінде Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арасындағы мәліметтер алмасу бойынша қарым-қатынастар реттеледі.

Сонымен қатар Д. Ақышев Қазақстандағы валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін нақтылауды бөлек атап өтті. Ол заң жобасында банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық Банктің шағын құймаларын сатып алу және сату құқығы ұсынылатынын айтып берді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы түзетулердің жоспарлы екендігін және ағымдағы өзгерістерге, оның ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының құрылуына, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты екендігін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: