Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге болады

Халық арасында дүрбелең орын алмауы үшін министрлік тіркеу процесін барынша жеңлдетіп отыр.

Сурет : sugdnews.tj21 Маусым 2018, 14:33

Қазақстанда ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телекоммуникация саласында келесі жұмыстар атқарылды. Өткен жылы ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту жобасы бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Жобаның мақсаты - 2021 жылға дейін 1 249 елді мекенде тұрып жатқан 2 миллионнан астам тұрғынды жылдам интернетпен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы барлық конкурстық процедуралар жүргізілгеннен кейін 55 ауылдық елді мекенді қамтимыз деп үміттенеміз», - деді министр.

Сонымен қатар Дәурен Абаев ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеуге қатысты да пікір білдірді.

Оның айтуынша, өткен жылы бұл бағытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, бүгінде сәйкесінше ережесі бекітілген. Халық арасында дүрбелең орын алмауы үшін министрлік тіркеу процесін барынша жеңлдетіп отыр. Тіпті, азаматтар онлайн режімде және СМС арқылы да ұялы телефонын тіркеуге мүмкіндік алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер