Қарағандыда көмір онлайн арқылы сатылып жатыр
idkontakt.ru
Бұл - қысқы жылыту маусымына дайындық кезінде халықтың арасында дүрбелең болдырмау мақсатында жасалып отырған шара.
Қарағанды облысында көмір сатып алушылар арасында дүрбелең тумас үшін 7543.kz сайты іске қосылды. Мысалы, осы сайттың көмегі арқылы Шұбаркөл көмірін ешқандай делдалсыз сатып алуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz NV.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл сайт арқылы онлайн желіде көмірге тапсырыс беруге болады. Мысалы, Шұбаркөл көмірінің 1 тоннасы онда 10 100 теңге деп көрсетілген, оған тауарды жеткізу құны, яғни 5 мың теңге тағы қосылады.
Бұл - қысқы жылыту маусымына дайындық кезінде халықтың арасында дүрбелең болдырмау мақсатында жасалып отырған шара.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript